30 маусым 2017 | 15:19

Байқоңыр мен оған жақын аймақта обамен ауыру жағдайлары тіркелген жоқ - дәрігерлер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қызылорда облысында обамен ауыру жағдайлары тіркелген жоқ, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ДСМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысында обамен ауыру жағдайлары тіркелген жоқ, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ДСМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінде, оның ішінде Қызылорда облысында оба бойынша табиғи-ошақтық аумақтар бары хабырланып отыр. Аталған аумақтарды республиканың 9 обаға қарсы күрес станциялары зерттеп-қарайды.

"Жыл сайын адамдардың обамен ауыруының алдын алу мақсатында республиканың обаға қарсы күрес станциялары жоспарлы тәртіппен кеміргіштер мен тасымалдаушылар (бүрге) арасында оба эпизоотияларының болуына зерттеп-қарауды қамтитын эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізеді. Бұл профилактикалық дезинфекциялауды (бүргелерді жою) және дератизациялауды (кеміргіштерді жою) жүргізуге жататын аумақтарды уақтылы айқындауға мүмкіндік береді. Жоғарыда көрсетілген жоспарлы жұмыс шеңберінде жүргізілген мониторинг барысында Байқоңырға іргелес орналасқан Қызылорда облысының 5 ауданының және Қарағанды облысының Ұлытау ауданының аумағында, атап айтқанда Байқоңыр қаласынан 12 шақырым аумақтың шектелген учаскесінде кеміргіштер мен бүргелерден өсірінділердің бөлінуі расталған, табиғи ошақтың жандануы анықталды. Осыған байланысты, Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы қолданыстағы келісім шеңберінде "Байқоңыр" кешенінің басшылығын анықталған эпизоотиялар туралы хабардар етті, оларға профилактикалық дезинсекциялау және қаланың сыртында жұмыс істейтін 34 жұмыскерлерге профилактикалық вакцинация жүргізу ұсынылды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Министрлік өкілдерінің мәліметі бойынша, аталған жағдай республиканың обаға қарсы күрес қызметі үшін штаттық болып табылады. Осындай жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.

Қазіргі уақытта қорғаныш аймағын құру үшін Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы өңірдің аумағына дезинсекциялық өңдеуді, сондай-ақ халық арасында санитариялық сауаттандыру жұмысын жүргізуде. Барлық мүдделі қызметтер хабардар етілді.

Жүргізіліп отырған профилактикалық жұмыс елдің табиғи-ошақтық аумағында тұрақты санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жыл сайын обаға қарсы күрес станциялары осындай эпизоотияларды анықтайды және олардың алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

Еске салайық, Қазақстанда жүргізілетін эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенінің арқасында 2003 жылдан бастап адамдар арасында обамен ауыру жағдайлары тіркелмеген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети