Байқоңыр тұрғындарына теракт қаупі ескертілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:facebook.com/baikonuradm Фото:facebook.com/baikonuradm

Байқоңыр қаласында террористік қауіптің жоғары "көк" деңгейі енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімшілігі сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Байқоңыр қаласында террористік қауіптің жоғары "көк" деңгейі енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімшілігі сайтына сілтеме жасап.

"Құқық қорғау органдарынан түскен террористік акт қаупі және оның жасалуына қарсы іс-қимыл ұйымдастыру туралы ақпаратқа байланысты Байқоңыр қаласының терроризмге қарсы комиссиясының төрағасы, әкімшілік басшысы Бусыгин "Байқоңыр" аумағында террористік қауіптің жоғары "көк" деңгейін енгізу туралы шешім қабылдады. Ол 2022 жылғы 19 қаңтар сағат 12.00-ден 3 ақпан сағат 12.00-ге дейін, 15 тәулік мерзімге белгіленген", - делінген хабарламада.

"Байқоңыр" аумағында құқық қорғау органдары азаматтар, қоғам мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шаралар қабылдап жатыр.

Азаматтарға ұсынылады:

  • Көшеде, адамдар көп жиналатын жерлерде, қоғамдық көлікте мыналарға назар аударыңыз: адамдардың  сыртқы келбеті (киімі жыл мезгіліне сәйкес келмейді немесе оның астында қандай да бір бөтен зат бар т.с.с. сияқты);
  • өзгелердің мінез-құлқындағы оғаш қылықтар (күйгелектік, жан-жаққа үнемі қарау, құқық қорғау органдары қызметкерлерінен қашу әрекеттері);
  • қараусыз қалған көліктер, күдікті заттар;
  • барлық күдікті жағдайлар туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлау;
  • құқық қорғау органдарына көмек көрсету;
  • құқық қорғау органдары талабына түсінікпен және шыдаммен қарау;
  • бейтаныс адамдардан сәлемдемелерді, жәшіктерді, сөмкелерді, рюкзактарды, чемодандарды және басқа да күмәнді заттарды, тіпті уақытша сақтауға, сондай-ақ тасымалдауға алмау. Күдікті заттар табылған жағдайда оларға жақындамаңыз, оларды ұстамаңыз, ашпаңыз немесе жылжытпаңыз;
  • отбасындағы қарттар мен балаларға көшеде немесе подъезден табылған кез келген зат өміріне қауіп төндіретінін түсіндіру;
  • ақпараттардан хабардар болу (теледидардағы, радиодағы, интернеттегі жаңалықтарды бақылаңыз).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro