23 желтоқсан 2014 16:29

Байқоңырдың алты мектебі мен бір балабақшасы Қазақстанға берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Байқоңырдың алты мектебі мен бір балабақшасы Қазақстанның білім беру жүйесіне көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Байқоңырдың алты мектебі мен бір балабақшасы Қазақстанның білім беру жүйесіне көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2014 жылдың 23 желтоқсанында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясына сапары аясында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен Ресейдің білім және ғылым министрі Дмитрий Ливанов Байқоңыр қаласындағы 6 мектеп пен 1 балабақшаны ҚР білім беру жүйесіне беру туралы келісімшартқа қол қойды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Бұл мекемелерде білім беру қазақстандық бағдарламалармен жүзеге асырылатын болды.

Бұған дейін Байқоңыр мектептері Ресей Федерациясының стандарттарымен оқып келген еді. "Бүгінде 6 мектепте қазақ тілінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын енгізуді қарастыратын келісімшарт жобасы жасалып қойды. Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік органдармен бірге қысқа мерзімде бұл келісімшартқа қол қойылуы туралы мәселемен жұмыс істеуі керек. Бізде мерзім 2014 жыл деп көрсетілген, бірақ біз 2014 жылдың соңын күтпейміз, қазір қажет", - деп бұған дейін вице-премьер Бақытжан Сағынтаев айтқан еді.

Кейін Байқоңыр мектептерінің қазақстандық стандартқа 2015 жылы 1 қыркүйекте көшетіні белгілі болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети