28 наурыз 2016 | 16:06

Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің экс-басшысы үй қамауына алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болат Берсебаев Болат Берсебаев

Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің бұрынғы басшысы Болат Берсебаев және комитет төрағасының орынбасары Бек Арпабаев бюджет қаражатын жымқыру ісінің аясында үй қамауына алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің бұрынғы басшысы Болат Берсебаев және комитет төрағасының орынбасары Бек Арпабаев бюджет қаражатын жымқыру ісінің аясында үй қамауына алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, үй қамауына алу туралы бұлтартпау шарасы "ҚазТАГ" ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаевқа да таңдалды. "Сотқа дейінгі тергеуде "ҚазТАГ" ХАА" ЖШС Бас директоры Матаев Әсеттің бюджет қаражатын жымқыруға қатысқаны анықталды. Мәселен, ол жалған актілерге қол қойып, түскен қаражаттарды үлестес "Ұлттық баспасөз клубы" Қоғамдық бірлестігінің есепшотына аударған", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, іс аясында Комитеттің қазіргі төрағасы Талғат Қазанғап пен бұрынғы төраға Болат Қалиянбековтің ешқайда кетпеу туралы қолхат жазғаны айтылады.  

Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің және "Қазақтелеком" Акционерлік қоғамының лауазымды тұлғаларына қатысты іс бюджет қаражатын аса ірі сомада жымқыру деректері бойынша тергеліп жатыр. Бірінші эпизод 160 миллион теңгеден аса қаражатты жымқыруға байланысты, бұл қаражат мемлекеттік саясатқа 2010-2015 жылдар аралығында ақпараттық қолдау көрсетуге бөлінген. "Осы жылдары бұл мақсаттарда Қалиянбеков, Қазанғап және Берсебаевтардың басқаруындағы Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің директоры Әсет Матаевтың басқаруындағы "ҚазТАГ" ақпарат агенттігімен бес келісімшарттың жасалғаны анықталды. Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің жоғарыда аталған тұлғаларының берген жауабында Сейітқазы Матаевтың өтінішімен "ҚазТАГ" ақпарат агенттігінің пайдасына шешілетіндей және өзге бәсекелестерді шығарып тастайтындай амал арқылы сәтті тендер өткізуге, ал сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшеліктері "ҚазТАГ" ақпарат агенттігінің параметрлеріне сәйкес жасалған көрінеу жағдай жасайтын техникалық спецификация құрастырылған", - деп хабарлады Ұлттық бюродағылар.

Екінші эпизод "Қазақтелеком" лауазымды тұлғаларының 260 миллион теңгені жымқыруына байланысты. "Қазақтелеком" АҚ Матаев Сейітқазының басшылығындағы "Ұлттық баспасөз клубы" Қоғамдық бірлестігімен келісімшарт жасасқан. Акционерлік қоғамның қызметіне 2 есе жоғары құн төленгені анықталды", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, Ұлттық бюроның мәліметінше, Сейітқазы Матаев "Ұлттық баспасөз клубы" қоғамдық бірлестігінің 326,9 миллион теңге сомасындағы салығын төлеуден жалтарған. Қазіргі уақытта ол үй қамауында отыр. 

Еске салайық, Берсебаев пен Арпабаев 25 наурызда ұсталған болатын. Сонымен қатар, "Қазақтелеком" АҚ стратегиялық басқару жөніндегі бас директоры Батыр Маханбетажиев ұсталған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети