07 тамыз 2014 | 15:10

Байланыс операторларына зиянды контенттерді шектеу міндеттеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Байланыс операторларына балаларды олардың денсаулығы мен дамуына нұқсан келтіретін ақпараттардан қорғау міндеттеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өзінің ресми сауалына жауап қайтарған Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары Дмитрий Голобурдаға сілтеме жасап. (6 тамыздан бастап, агенттік Ұлттық экономика министрлігі құрамына енді - Авт.)


Иконка комментария блок соц сети

Байланыс операторларына балаларды олардың денсаулығы мен дамуына нұқсан келтіретін ақпараттардан қорғау міндеттеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өзінің ресми сауалына жауап қайтарған Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары Дмитрий Голобурдаға сілтеме жасап. (6 тамыздан бастап, агенттік Ұлттық экономика министрлігі құрамына енді - Авт.)

Қазір Қазақстанда дамыған мемлекеттердің (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, т.б) тәжірибесі бойынша мәжілісмендер қолға алған "Балаларды олардың денсаулығы мен дамуына нұқсан келтіретін ақпараттардан қорғау мәселелері бойынша Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы жасалып жатыр.

"Заң жобасында Интернет желісіне қолжетімділік қызметін ұсынатын байланыс операторларында балалардан олардың денсаулығы мен дамуына нұқсан келтіретін, соның ішінде, порнографиялық сипаттағы ақпараттарды шектейтін техникалық және бағдарламалық мүмкіндіктердің болу міндеттілігі қарастырылады. Мұндай техникалық және бағдарламалық мүмкіндіктерді қолдану абоненттің келісімімен іске асырылады. Интернет желісіне қоғамдық қолжетімділік қызметін ұсыну кезінде техникалық және бағдарламалық мүмкіндіктерді қолдану абоненттің келісімінсіз міндетті түрде іске асырылады", - деді ол.

"Ұсынылып отырған шаралар ұлттық ақпарат кеңістігінің Қазақстанның заңына қайшы келетін контенттерден қорғалу мүмкіндігін арттырады", - дейді Голобурда.

Бұған дейін елімізде балаларға порносайттардың қолжетімділігін жою амалдарының қарастырылып жатқаны хабарланған еді. 2014 жылдың тамызында елімізде наурыз айынан бері 500-ге жуық ресурстың жабылғаны белгілі болды. Шенеуніктер бұл шараның біржолғы жаппай науқан емес, заңға қайшы контенттерді анықтау жөніндегі жүйелі іс екенін түсіндірді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети