Байланыс сапасы үшін операторларға 100 миллион теңге айыппұл салынды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Байланыс сапасы үшін операторларға 100 миллион теңге айыппұл салынды

Қазақстандық операторларға байланыс сапасын тексеру қорытындысы бойынша 100 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның Tengrinews.kz сауалына берген жауабында айтылғандай, бұған дейін елімізде байланыс қызметінің әдістемесі мен сапасының көрсеткіштері бекітілген. Байланыс операторлары үшін интернет жылдамдығының ең төменгі талаптары белгіленді.

"Биылғы жылы (8 қарашадағы жағдай бойынша) министрлік байланыс операторларына қатысты 454 тексеру жүргізіп, 100,1 миллион теңге көлемінде айыппұл салды. Жүргізілген тексерулердің саны министрлікке келіп түскен хабарламалардың санына байланысты", - делінген хабарламада.

Министрлік сондай-ақ байланыс қызметін көрсететін ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігін күшейту бойынша түзетулер дайындағанын қосты. Байланыс саласындағы сапа стандарттарына, техникалық нормаларға және байланыс қызметтерінің сапасы көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін пайдаланушыларға байланыс қызметтерін көрсеткені үшін жасалған байланыс саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін айыппұлдың мөлшерін ұлғайту жоспарланып отыр.

Байланыс операторларына айыппұлдар ҚР ӘҚБтК-нің 637-бабында көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети