"Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшылығы ұсталған соң компания өкілдері мәлімдеме жасады

18 Қараша 2016, 13:28
0
"Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшылығы ұсталған соң компания өкілдері мәлімдеме жасады - © Tengrinews.kz иллюстрациясы
© Tengrinews.kz иллюстрациясы

"Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшылығы ұсталған соң компания өкілдері мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, қылмыстық топта 13 кәсіпорын болған. Ол құрылыс нысандары Орал, Көкшетау, Атырау, Ақтөбе, Тараз және Талдықорған қалаларында орналасқан.

"Бәйтерек DEVELOPMENT" компаниясы өкілдері нысандарды салушылардың келісімшарт жасасқанда делдалдардың қызметінде туындайтын қиындықтарына байланысты жаңа жүйені ойлап тапқандарын айтты.

"Биыл 21 қыркүйекте Астанада "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ-да 44 құрылыс компаниясымен жиналыс өткізілді. Онда салушылардың айтқан шағымдары мен ұсыныстары мұқият талқыланды. Өз кезегінде компаниядағылар мердігерлерді шешім қабылдағанда жемқорлыққа төтеп беретіндерін сендірді. Сондай-ақ, компания өкілдері арнайы желінің іске қосылатынын айтты", - деді компанияның баспасөз қызметіндегілер.

"Бүгінде "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ кеңсесінде келіссөздер жүргізуге арналған арнайы шыныдан жасалған кабинет бар. Ол кабинет қажетті аудио және видеоқұрылғылармен қамтамасыз етілген. Компания қызметкерлеріне ресми келіссөздерді басқа жерде жүргізуге тыйым салынды", - деді компаниядағылар.

Сондай-ақ, компанияда келіп түскен жобаларды қарастыру үшін, келіссөздердің шарттарын орындау үшін, тұрғын үй кешендерін пайдалануға беру үішн және онда төлем жасау үшін техникалық карталардың орнатылғаны айтылады. Техникалық карта арқылы жалға берілетін және несиеге берілетін тұрғын үйлермен жұмыс істей беруге болады. Бұл карта "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ ресми сайтында жарияланған.

"Компания өкілдері ғимараттарды салушылардың жасасқан келісімшарттарына мониторинг жүргізеді. Өңірлердегі әрбір нысанда аттестациядан өткен техникалық бақылау қызметінің өкілдері жүреді. Олар құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын тексереді", - деді компанияның баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, кеше, 17 қарашада "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшыларының ұсталғаны хабарланған болатын. Тергеу барысында "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ лауазымды Жақыпов А. (Басқарма төрағасының орынбасары), Айтымбетов Б. (мемлекеттік-жекеменшік серіктестік дирекциясы департаментінің басшысы) және Сариев Ғ. (басқарушы директор) есімді лауазымды тұлғалар жүйелі түрде "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үй кешенін сату қызметтерін көрсететін құрылыс компанияларынан ірі көлемде пара алғаны анықталды.

Сондай-ақ, Мәжілістің бұрынғы спикері Жақыповтың ұлын ұстау сәті түсірілген видео пайда болған еді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай