Бейжіңнің "Цзиньтай" мұражайында Қазақстанның 25 жылдығына арналған "Абай оқулары" өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейжіңнің "Цзиньтай" мұражайында Қазақстанның 25 жылдығына арналған "Абай оқулары" өтті © ҚР СІМ

Бейжіңде "Цзиньтай" мұражайында Қазақстанның 25 жылдығына арналған "Абай оқулары" өтті, - деп хабарлайды strategy2050.kz АА

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейжіңде "Цзиньтай" мұражайында Қазақстанның 25 жылдығына арналған "Абай оқулары" өтті, - деп хабарлайды strategy2050.kz АА

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, "Абай оқулары" бейжіңдік "Чаоян" паркінде орналасқан Абай ескерткішіне гүлшоқтар қою рәсімінен басталды.

Іс-шараға Қытайдағы дипломатиялық корпус, қазақ қандастарымыздың өкілдері, қытайлық суретшілер және ақындар қатысты. Қазақстандық және қытайлық студенттер Абайдың шығармаларын қазақ, орыс және қытай тілдерінде көркемдеп оқып, әнге қосты.

Қазақстанның Қытайдағы елшісі Ш.Нұрышев қазақ халқының рухани, өнерпаздық әлеуеті, даналығы, бостандық сүюі және отаншылдығы толық ашылған Абай шығармаларының қазақ әдебиетінің қалыптасуындағы рөлін атап өтті. Абайдың қазақ әдебиетіндегі реализмнің, әдеби қазақ тілінің қалыптасуына зор үлес қосқаны атап өтілді.

Шетелдік дипломаттардың айтуынша, "Абай оқулары" мен фотокөрме Қазақстанның өткенін және қазіргі кезін тереңірек түсінуге, ғұлама ақын мен философтың аруағына тағзым етуге, сондай-ақ жас буынның ана тілі мен әдебиетке сүйіспеншілігін баулуға мүмкіндік берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети