Bek Air басшысы апатты жағдайда қонған ұшаққа қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Bek Air басшысы апатты жағдайда қонған ұшаққа қатысты түсінік берді Куәгер жолдаған сурет

Bek Air әуе компаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов алдыңғы шассисіз қонған ұшаққа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Bek Air әуе компаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов алдыңғы шассисіз қонған ұшаққа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

"Шасси толықтай ашылмай қалды. Ұшақты шассисіз қондыру жөнінде шешім қабылданды. Ұшақтың артқы шассиі ортаға қойылып, қонды. Әуежай бұл кезде қону алаңын көбікпен жапты. Ұшақ 30 метрдей жерге өтіп барып тоқтады, зақым минималды. Ұшақтың командирі Виктор Родин - жарады, барлығын дұрыс істеді", - деді әуе компаниясының басшысы.

Жұмасұлтановтың айтуынша, оқиғаның себебі анықталады. "Ешкім зардап шеккен жоқ. Командирдің әрекеті дұрыс. Ұшақ қонды", - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Bek Air әуе компаниясының Қызылордадан ұшып келген ұшағының Астана әуежайында апатты жағдайда қонғаны хабарланған болатын. Ұшақ алдыңғы шассисіз қонған. Оқиға сағат 10.30-да болды. Айта кетейік, апатты жағдайға байланысты әуежай жұмысын сағат 13.00-ге дейін тоқтатты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети