РЕН ТВ арнасының иелігінде диспетчерлермен бүгін таңда Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 жолаушылар лайнерімен сөйлесуінің жазбасы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сөйлесуден әуе кемесінің ұшуға штаттық режимде дайындалғаны байқалады. Диспетчерлер Fokker 100 ұшағына ұшу-қону жолағына бұрып, ұшуға рұқсат берген, содан кейін олармен байланыс үзілген.
Сондай-ақ, ұшу-қону жолағына Нұр-Сұлтанға дейін баратын Air Astana әуекомпаниясының 671 рейсінің басқа ұшағы келуі тиіс еді. Әуежай қызметкерлері оларды күте тұруын сұраған: Fokker ұшағының қайда екені анықталмаған.
Диспетчерлермен экипаждың соңғы сөйлесуінің жазбасы:
"БекЭйр 2100, жел 040 градус, 05 оң жақ, ұшуға рұқсат беремін", - дейді диспетчер.
"05 оң жақ, 2100, күніңіз сәтті өтсін!" - деп жауап береді ұшқыш.
"Жолыңыз болсын!" - деп қоштасады мұнара.
Сосын диспетчер бірнеше рет ұшып шыққан бортқа нәтижесіз хабарласады:
"БекЭйр 2100, Алматы-Мұнара"...
"БекЭйр 2100, Алматы-Мұнара"...
"БекЭйр 2100, Алматы-Айналыңыз"...
Байланысу нәтижесіз болған соң, диспетчер басқа лайнерлердің ұшқыштарына ескертеді.
"Astana 671, біз Fokker 100 ұшағы қайда екенін білмейміз".
Сосын дабыл қосылады.