Bek Air ұшағының өздігінен жазғыш деректері оқылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Bek Air ұшағының өздігінен жазғыш деректері оқылды

Алматы түбінде апатқа ұшыраған Fokker-100 ұшағындағы борттық өздігінен жазғыш деректері оқылып, таратып жазу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекетаралық авиация комитеті сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы түбінде апатқа ұшыраған Fokker-100 ұшағындағы борттық өздігінен жазғыш деректері оқылып, таратып жазу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекетаралық авиация комитеті сайтына сілтеме жасап.

Азаматтық авиация туралы және әуе кеңістігін пайдалану туралы мемлекетаралық келісімге сәйкес Мемлекетаралық авиация комитеті (МАК) 2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы әуежайында ұшу кезінде болған Bek Air әуекомпаниясының Fokker-100 ұшағының апатқа ұшырауын тексеру жөніндегі үкіметтік комиссияның жұмысына белсенді қатысып жатыр.

"МАК мамандарының тобы оқиға орнына келіп, алғашқы күннен бастап тікелей комиссия құрамында жұмыс істейді. МАК тексеруге толық ғылыми-техникалық қолдау көрсетеді. МАК-тың ғылыми-техникалық орталығында авиациялық оқиға болған жерде анықталған борттық өздігінен жазғыш (дыбыстық және параметрлік) деректерін оқу және таратып жазу орындалды. Барлық ақпарат тергеу комиссиясына берілді. Осы ақпаратты алдын ала талдау оқиғалардың хронологиясын қалпына келтіруге және авиациялық оқиға себептерінің басым нұсқасын анықтауға мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.

Бұл ақпаратты Қазақстан Үкіметінің вице-премьері Роман Склярдың баспасөз конференциясы барысында жұртшылыққа жеткізілгені айтылады.

Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ХААҰ) стандарттарына - Чикаго конвенциясының 13-қосымшасына сәйкес тексеруге әуе кемесін әзірлеуші және жасаушы мемлекеттің уәкілетті өкілі мен кеңесшілері (Нидерланды) қатысады. Нидерландының уәкілетті өкіліне параметрлік жазба берілген.

"Тексеру жөніндегі комиссияның шешімі бойынша МАК Нидерланды, Қазақстан және EASA мамандарымен бірлесіп авариялық ұшу кезінде әуе кемесінің нақты аэродинамикалық сипаттамаларын және оларға сыртқы факторлардың (бірінші кезекте жердегі мұздану және т.б.) әсерін анықтау, әуе кемесінің қозғалыс параметрлерін және экипаж әрекеттерін талдау мақсатында жүргізілетін ұшуды математикалық үлгілеу бойынша жұмыстар басталды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр ұшақ апатының негізгі нұсқасы деп әуе кемесінің мұздануын атаған болатын. Әуе кемесі ұшар алдында арнайы мұздануға қарсы сұйықтықпен жартылай өңделгені айтылған - тек тұрақтандырғышы, ал қанаттары өңделмеген.

Еске салайық, Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Fokker-100 ұшағы 2019 жылдың 27 желтоқсанында таңертең әуе апатына ұшыраған болатын. Лайнер Алматы әуежайына жақын жерде құлаған. Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети