Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағы апатына қатысты іс төрт жылдан бері тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ішкі істер министрлігінің Көліктегі департаменті мұндай істердің ескіру мерзімі туралы айтып берді.

2019 жылдың желтоқсанында 12 адамның өмірін қиған Bek Air ұшағы апатына қатысты сотаалды тергеуді бастапқыда Бас прокуратура уәкілетті органдармен бірлесіп жүргізген.
2022 жылдың ақпанында ІІМ Көліктегі департаменті бұл істі қарауға алды.
"Қылмыстық кодекстің 71-бабы 1-бөлігі 3-тармағына сәйкес (Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) осы санаттағы істер бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың ескіру мерзімі 5 жыл болады", - делінген ПД-ның Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында.
Осылайша, тергеу 2027 жылдың ақпанына дейін аяқталуы тиіс, әйтпесе іс жабылады.
Еске салайық, 2019 жылы 27 желтоқсанда Алматыдан елордаға шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Апат 12 адамның өмірін қиды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!