Bek Air ұшағы апаты: министр тергеу неге ұзаққа созылғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Bek Air ұшағы апаты: министр тергеу неге ұзаққа созылғанын айтты Фото ©REUTERS

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Алматыда 2019 жылы болған Bek Air ұшағы апатын тергеу жұмыстары неге ұзаққа созылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Алматыда 2019 жылы болған Bek Air ұшағы апатын тергеу жұмыстары неге ұзаққа созылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жақын арада біз Алматыдағы Bek Air әуе компаниясымен болған әуе апатын тергеу бойынша қорытынды аламыз. Өкінішке қарай, бұл қайғылы оқиға авиакомпанияның қауіпсіздік стандарттарын сақтауда ережелерді елеулі бұзғанын көрсетті. Тергеу пандемия кезіндегі шектеулерге байланысты ұзаққа созылды. Халықаралық сарапшылар жұмыс істеу үшін Қазақстанға дер кезінде келе алмады", - деді Атамқұлов есеп беру кездесуінде.  

Сонымен қатар, министр халықаралық тәжірибеге сәйкес, әділ және объективті тексеру мақсатында ведомство өкідері "құзыретті органдар қорытынды бергенге дейін апатты тергеу барысына түсінік беруге құқығы жоқ" екенін атап өтті.

Бұған дейін 12 мамырда Талғар аудандық сотында риэлтор мен жергілікті экс-шенеуніктерге Алматы әуежайының маңындағы жер учаскелерін заңсыз сатқаны үшін үкім шығарылған болатын.

Еске салайық, ұшақ апаты 2019 жылдың 27 желтоқсанында болды. Bek Air әуе компаниясының ұшағы Алматы әуежайының маңында апатқа ұшырады. Бортта 93 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған, 15 адам қаза тапты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети