24 қаңтар 2020 12:56

Bek Air ұшағы апаты: Тоқаев зардап шеккендердің шағымын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұшақ соғылған үй. Алматы Ұшақ соғылған үй. Алматы

Үкімет пен әкімдіктер Bek Air әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауынан зардап шеккен жолаушыларға көмек көрсетуі керек. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Үкімет пен әкімдіктер Bek Air әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауынан зардап шеккен жолаушыларға көмек көрсетуі керек. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Өкінішке қарай, таяуда Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Маған зардап шеккендердің хаты келіп жатыр, олар өтемақы алмаған. Адамдар ауруханада жатыр, кейбірі еңбекке жарамсыз болып қалды. Бұған байланысты не істеліп жатыр?", - деп сұрады Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр қаза тапқандардың отбасына 4 миллион теңгеден берілгенін айтты. 

"Одан бөлек, барлық жолаушы сақтандырылған, жақын арада өтемақы береміз. Қажетті барлық құжат рәсімделді. Зардап шеккендердің ішінде түрлі аймақ өкілдері бар. Жалпы алғанда, 52 адам зардап шекті. Оларға жергілікті атқарушы органдар мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көмектеседі", - деді Скляр. 

"Жылдамдатуды сұраймын. Зардап шеккен адамдарға үкімет пен әкімдіктер көмектесуі керек. Бұл мәселеге әкімдердің назарын аударамын. Жақын арада бұл проблеманы шешіңіздер", - деді Президент.

Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам қаза тапқан еді. Артынша, апаттан зардап шеккендер өтемақы ала алмай жүргендерін мәлімдеген еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети