Bek Air ұшағы қалай апатқа ұшырағаны көрсетілген видео жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Bek Air ұшағы қалай апатқа ұшырағаны көрсетілген видео жарияланды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Bek Air ұшағы қалай апатқа ұшырағаны көрсетілген видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Bek Air ұшағы қалай апатқа ұшырағаны көрсетілген видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекетаралық авиациялық комитеттің бас директоры Виктор Сороченко бұл видеоның авиациялық комитеттің техникалық зертханасы негізінде жасалғанын айтты.

"Мен осыған дейін авиацияда мұндай жағдайлардың болғанын айттым. Ұшудың мұндай параметрлерін біз 2007 жылы Францияда байқаған болатынбыз. Мамандар әуе апатына сараптама жүргізді. Францияның органдары бізге барлық мәліметті берді", - деді Виктор Сороченко.

Еске салайық, Bek Air ұшағы 27 желтоқсанда таңғы сағат 7:05-те Алматыдан Қазақстанға ұшып шығып, одан кейін радардан жоғалып кеткен болатын. Бортта 93 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети