Bek Air әуе компаниясы алдыңғы шассисіз ұшақты қондырған борт экипажын сыйлыққа ұсынбақшы. Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне Bek Air әуе компаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов хабарлады.

"Біз командир мен екінші пилотты үкіметтік сыйлыққа ұсынбақшымыз. Командир - Виктор Родин, екінші пилот - Вадим Смеречанский", - деді Жұмасұлтанов.
Соңғы мәліметтер бойынша, Астана әуежайы сағат 14.00-ге дейін жабық, ұшып кетуі тиіс сегіз рейс кешіктірілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Bek Air әуе компаниясының Қызылордадан ұшып келген ұшағының Астана әуежайында апатты жағдайда қонғаны хабарланған болатын. Ұшақ алдыңғы шассисіз қонған. Оқиға сағат 10.30-да болды. Айта кетейік, апатты жағдайға байланысты әуежай жұмысын сағат 13.00-ге дейін тоқтатты. Сонымен қатар, Bek Air басшысы апатты жағдайда қонған ұшаққа қатысты түсінік берді.