25 мамыр 2016 | 15:06

"Бек эйр" әуе компаниясы атауын "Халық эйр" деп өзгертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бек эйр" әуе компаниясы ребрендинг процедурасын бастады, оның нәтижесінде атауы "Халық эйр" болып өзгереді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жетекшісі Нұрлан Жұмасұлтанов хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

"Бек эйр" әуе компаниясы ребрендинг процедурасын бастады, оның нәтижесінде атауы "Халық эйр" болып өзгереді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жетекшісі Нұрлан Жұмасұлтанов хабарлады.

Оның айтуынша, бұл шешім компанияның "Әуе компаниясы халық үшін" деген ұранына жақындату үшін жасалыпты. "Ребрендингке белгілі бір уақыт қажет. Заңды атауы "Халык эйр", ал коммерциялық атауы және сауда маркасы әзірше "Бек эйр" болады. Халық бір екенін түсінсе, біз процедураны аяқтаймыз", - деді ол. Оның айтуынша, процедураға бір жылдан екі жылға дейінгі уақытты алады.

Жұмасұлтановтың айтуынша, жолаушылар әуе кассаларында билеттерді "Бек эйрден" сатып ала береді. "Ештеңе өзгерген жоқ, компания халыққа жақын бола түсті. Ұшақтар да, ұшқыштар да бұрынғысынша қалды. Әуе компаниясының заңды атауы "Халық эйр". Таяуда азаматтық авиация комитетінің құжаттарды аламыз. Онда "Бек Эйр" деген коммерциялық атауы да болады. Уақыт өте келе "Халық эйр" болады. Мұндайды көптеген компания басынан өткереді", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети