02 сәуір 2016 | 18:16

"Бек Эйр" ұшағы шассиінің неліктен ашылмай қалғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

"Бек Эйр" әуе компаниясындағылар ұшақтың алдыңғы шассиінің неліктен түспей қалғанын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Бек Эйр" әуе компаниясындағылар ұшақтың алдыңғы шассиінің неліктен түспей қалғанын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Қазіргі таңда оқиғаның нақты себебі анықталды. Алдыңғы шассидің ашылмай қалуына гидроагрегат тартпасы арқанының сыналануы себеп болған, ол цилиндрдің жиналуын және ұшақ шассилерінің түсуін басқарады, сол цилиндрдің жиналуы мен ұшақ шассиінің түсуіне гидроқұлып әсерінің пайда болуын туындатты. Оқиғаның себебі "Бек Эйр" әуе компаниясының инженерлік-авиациялық қызметімен анықталды және оған Fokker-100 үлгісіндегі әуе кемелерін өндіруші зауыттың техникалық мамандары мен көлік прокуратурасы өкілдері қатысты және ол авиациялық оқиғаны тергеу бойынша комиссияның бақылауымен өтті. Таяуда Fokker-100 үлгісіндегі әуе кемелерін өндіруші зауыт "Бек Эйр" әуе компаниясына ресми құжат жолдайды, ол авиациялық оқиғаны тергеу бойынша комиссияға, көлік прокуратурасына жіберіледі және әуе компаниясының сайтында жарияланады", - делінген хабарламада.

Осылайша, Fokker-100UP-F1012 ұшағымен болған оқиғаға эксплуатациялық ақау емес, конструктивтік-өндірістік кемшіліктің себепші болғаны расталды. Сонымен қатар, мамандар осыған ұқсас, яғни конструктивтік-өндірістік кемшіліктердің кез келген ұшақтарда, тіпті олардың шыққан жылдарына қарамастан кездесетінін айтып отыр. Олардың айтуынша, әлемде ешбір әуе компаниясы ондай кемшіліктерден сақтандырылмаған.

Еске сала кетейік, 27 наурызда Bek Air әуе компаниясының Қызылордадан ұшып келген ұшағының Астана әуежайына апатты жағдайда қонғаны хабарланған болатын. Ұшақ алдыңғы шассисіз қонды. Сонымен қатар, Bek Air басшысы апатты жағдайда қонған ұшаққа қатысты түсінік берді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети