24 мамыр 2017 | 13:35

Бекетаев президенттіке өзін-өзі ұсынуға тыйым салынуын Дарт Вейдердің мысалында түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинаның "Интернет-партиясының" басшысы Дарт Вейдер. © РИА Новости Украинаның "Интернет-партиясының" басшысы Дарт Вейдер. © РИА Новости

Әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстанға президент сайлауына өзін-өзі ұсынуға неліктен тыйым салу керектігін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстанға президент сайлауына өзін-өзі ұсынуға неліктен тыйым салу керектігін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Парламент Мәжілісі президенттікке өзін-өзі үміткер етіп жариялауға тыйым салуды қарастыратын заң жобасын мақұлдады. 

"Егер олар мемлекеттік тіркеуден өтпесе, олар өз кандидатурасын ұсына алмайды", - деп түсіндірді Бекетаев. 

Министр өзін кандидат деп жариялауға салынған тыйымның дұрыс екенін айтады. 

"Біз адамдар өздерін кандидат деп жариялағанын сан рет көрдік. Бұл шынайы ұмтылыс емес екенін бәрі біледі, олар өздерінің атын шығару үшін солай істейді. Көрші елдердің тәжірибесін қараңыздар, Украинада қиялдан туған кейіпкер Дарт Вейдер де сайлануға мүмкіндік алды. Бұл оқиға өзін кандидат деп жариялаудың дұрыс еместігін көрсетті. Өзін-өзі ұсыну енді болмайды", - дейді Әділет министрлігінің басшысы. 

Министр Қазақстанда президенттікке үміткерлерге әрдайым қандайда бір талаптар болғанын айтады.

"Ол біршама дауыс жинау керек. Мұндай жауапты қызметке сайлану үшін халықтың қолдауы болуы керек", - деп аяқтады сөзін министр. 

Сонымен қатар, президенттікке үміткерлер міндетті медециналық тексеруден өтуі керек болады. 

Еске салайық, Украинаның "Интернет-партиясының" басшысы Дарт Вейдер ел президенттігіне сайланып, өзін Одесса қаласының әкімі деп жариялаған болатын. Ал қала әкіміне Татуин ғаламшарына басшы болуды ұсынған. Сонымен бірге, ол ақыр заман келеді деп Киев тұрғындарына тұз бен сіріңке таратқан болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети