26 мамыр 2018 | 11:02

Бекшин Алматыда тараған менингитке қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда менингококтан қайтыс болу оқиғаларына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда менингококтан қайтыс болу оқиғаларына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Менингитті қоздыратын neisseria meningitidis әрдайым көпшілік орында таралады, ал қазіргі тұрақсыз ауа райы, салқын күндер бактерияның таралуына себепші болып отыр. (...) Біз Алматыдағы эпидемиологиялық ауруды тіркеп отырмыз. Бұл - маусымдық ауру. Ол көбінесе суық кездерде болады, көктемде, иммунитет әлсіз кезде. Алматыдағы ауру-сырқау толқын тәрізді циклдік сипатқа ие болып тұр", - деді Бекшин журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Оның айтуынша, 2013 жылы 49 оқиға тіркелген, 2015 - 66 оқиға, ал ең көп тіркелген жыл 2011 болды, ол кезде Астана қаласында 211 адам ауырған.

"Қазіргі таңда Алматыда менингитке шалдығудың 29 оқиғасы тіркелді және олар зертханалық негізде расталған. Қазір біз эпидемияға қарсы шараларды жүргізіп жатырмыз - мәдени-көпшілік шараларға шектеу қойдық, әсіресе жабық ғимараттарда. Бүгінгі таңда мектептердегі сабақ аяқталды, ол да жағымды әсер етеді. Бактериялар үшін ең қауіпті нәрсе - күннің сәулесі және біз күн ысығаннан кейін аурудың беті қайтады деп ойлап отырмыз. Сонымен қатар, балабақшаларда профилактикалық шараларды жүргізіп жатырмыз - фильтрлер орнаттық", - деді Бас дәрігер.

Бекшиннің айтуынша, суық тиген жағдайда бірден емделіп, профилактика жасау қажет.

"Мұндай жағдайда ғимараттың ішіндегі ауаны тазартып, дезинфекциялық заттардың көмегімен ылғалды тазалық жұмысын жүргізуге кеңес береміз. Бұл санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар ауру-сырқауды реттеуге жол береді. Ең бастысы, назофаренгит, суық тию белгілері бар науқастар бірден медициналық қызметкерлерге баруы керек. Дерттен қайтыс болғандардың барлығы дәрігерлерге кеш барғандар", - деді Бекшин.

Еске сала кетейік, 21 мамырда бұл дерт 15 адамда анықталған еді. Жалпы үш адам қайтыс болды - екі ересек адам мен бір бала. Кейін Алматыда менингокок инфекциясынан 1-курс студентінің қайтыс болғаны анықталды.

Менингококк инфекциясы - инфекциялық жұқпалы ауру, ол түрлі клиникалық белгілермен бактериялар арқылы пайда болады - таратушыда белгілері білінбейтін болуы да мүмкін немесе назофарингиттен (мұрын-жұтқыншақ қабынуы), менингиттен (ми қабығының қабынуы) болуы мүмкін. Инфекцияның көзі - ауру адамдар және дені сау таратушылар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети