ПОДЕЛИТЬСЯ
07 маусым 2021 | 16:06
Бекшин Алматыға арналған жаңа қаулыны түсіндірді
Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыны түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыны түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаңа ережеге сәйкес Алматыда еске алу шараларын өткізуге рұқсат беріледі. Сауна, спа-орталықтар, базарлар мен сауда орталықтары шектеусіз жұмыс істейді.
"Біз нысандарды екіге бөлдік: Ashyq-қа қатысатын және қатыспайтын нысандар. Соның арқасында өте маңызды өзгерістерді көріп отырмыз. Қоғамдық тамақтану нысандары 00.00-ге дейін жұмыс істей алады, бірақ отыратын орындар саны 60-қа дейін шектелген.
Енді еске алу шараларын ұйымдастыруға болады, бірақ келушілер саны 50-ден аспайды. "Қызыл" аймақтағы өңірлерде боулинг орталықтарына келушілер 50 пайыздан аспайтын болуы керек. Бильярд орталықтары да осы режимде жұмыс істейді. Театрлар, кинотеатрлар 40 пайыз жұмыс істей алады", - деді Жандарбек Бекшин.
Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар шектеусіз жұмыс істей алады (бұған дейін демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынған).
Сондай-ақ, Ashyq жобасына қатысатын сауна, спорт кешендері, фитнес, йога орталықтары шектеусіз жұмыс істей алады.
Қаулы 8 маусымда күшіне енеді.
Айта кетейік, бұған дейін Бекшин 1 маусымда "сары" аймаққа ауысқанына қарамастан, Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз екенін айтқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также