07 маусым 2021 14:50

Бекшин Алматыдағы эпидахуалды айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 маусымда "сары" аймаққа көшкеніне қарамастан, Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


1 маусымда "сары" аймаққа көшкеніне қарамастан, Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өту талаптарына сәйкес, қолданыстағы шектеу шараларына белгілі бір жеңілдіктер енгізілетінін және олар жеті күннен кейін күшіне енетінін айтты.

Жандарбек Бекшин "сары" аймақ өлшемі R саны - инфекция көрсеткіші екенін түсіндірді. Ол бірден аз немесе оған тең болуы керек. Бұл - 100 мың адамға шаққандағы ауру көрсеткіші. Ол жүзге тең немесе одан аз болуы керек.

"Қазіргі уақытта Алматыда 7 маусымдағы жағдай бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 64,7, яғни 100-ден төмен, оның ішінде R = 0,7", - деді ол.

Бекшиннің айтуынша, шектеу шаралары нәтижесінде коронавирус жұқтыру дерегі төмендеген. Оның ішінде: бұқаралық іс-шараларға тыйым салу, базарлардың, СОО-ның, қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысына тыйым салу, жазғы алаңдарды қоспағанда, демалыс күндері әлеуметтік байланыстарды азайту, сондай-ақ халықты вакциналау.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети