Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұзақ уақыт бойы комада жатқан азаматтардың құқықтарын қорғайтын заңға қол қойды, деп хабарлайды TengriHealth тілшісі Ақорданың Telegram-арнасына сілтеме жасаған
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұзақ уақыт бойы комада жатқан азаматтардың құқықтарын қорғайтын заңға қол қойды, деп хабарлайды TengriHealth тілшісі Ақорданың Telegram-арнасына сілтеме жасаған
Не болды?
Мемлекет басшысы 2026 жылғы 24 маусымда қол қойған заңға сәйкес, Қазақстанда мұндай пациенттердің туыстары енді олардың атынан мүгедектік тобын белгілеу үшін куәландыруға өтініш бере алады.
Бұл оларға тиісті жәрдемақыларды, оңалтудың техникалық құралдарын және кепілдендірілген әлеуметтік қорғауды алуға мүмкіндік береді.
Бүгінде медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) тек адамның өзінің немесе оның заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізіледі. Бұл мүгедектікті белгілеу және әлеуметтік қолдау алу үшін қажет.
Алайда іс жүзінде мынадай мәселе туындайды: комада жатқан пациент өтінішті өзі бере алмайды және өкіліне келісім бере алмайды. Соның салдарынан мүгедектікті рәсімдеу және мұндай жандар үшін төлемдер алу мүмкін болмайды.
Бұған дейін Қазақстанда химиотерапиялық және сәулелік емді қаржыландыру тәсілін өзгерту жоспарланып жатқаны хабарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығының тиісті жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Жаңа ережелерді 2026 жылғы 1 шілдеден бастап енгізу көзделіп отыр.
Тағы оқыңыз: МӘМС-тегі жаңа қызметтер: 1 шілдеден бастап не өзгереді?
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы қалай өзгерді: жаңа деректер