Бекшин алматылықтарға тағы да үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бекшин алматылықтарға тағы да үндеу жасады © Әлихан Сариев

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарына тағы да үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарына тағы да үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Бекшин Алматыдағы эпидемиялық жағдай күрделене түскенін айтады.  Оның айтуынша, науқастардың 38 пайызының вирус жұқтыру себебі - бұқаралық іс-шараларға қатысу.

"Соңғы тәулікте COVID-19-дың 44 жағдайы және анықталмаған пневмонияның 5 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 0,3 пайыз, жұқтыру коэффициенті – 1,37. Ағымдағы аптада КВИ ауруының деңгейі бірінші аптаның деңгейінен 9 есе асып түсті. Қаладағы жағдай шиеленісе түсуде және аурушаңдықтың өсіп келе жатқаны байқалуда", - дейді Бекшин.

Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, Алматы қаласында 23-ші қазандағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының (КВИ) 14607 оқиғасы тіркелген, оның 8762 – сі симптомды, 5845-сі симптомсыз.

"Менің той ұйымдастырушыларына айтпағым: Сіз өзіңізге ғана емес, барлық қонақтарға, инфекцияны өзіне жұқтыру арқылы оны отбасыларына тарататын қарт туыстарға да қауіп төндіресіз. Сондай-ақ, той немесе еске алу кезінде мониторингтік топтардың талабы бойынша іс-шараны тастап кетуге мәжбүр болған қонақтарды ыңғайсыз жағдайға қалдырасыз", - деді Бекшин.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети