02 шілде 2021 | 17:05

Бекшин дельта штамы алғаш анықталған науқас вирусты қайдан жұқтырғанын айтты

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың дельта штамы алғаш анықталған адам вирусты қай жерде жұқтырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың дельта штамы алғаш анықталған адам вирусты қай жерде жұқтырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда коронавирус инфекциясының үнді штамы бірінші болып 38 жастағы әйелден анықталды. Кейінірек оның сегіз жастағы баласы да COVID-19-ның осындай түрін жұқтырғаны белгілі болды. Бекшиннің айтуынша, ол инфекцияны сауда дүкендерінде жүргенде жұқтырған.

"Әйел осы кезеңде пәтерін жөндеумен айналысқан. Құрылыс материалдарын сататын ірі дүкендерге барып жүргенде, мүмкін, инфекция жұқтырды (коронавирустың дельта штамы - автор). Ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық. Олар ауруханадан шығарылып, үйде дәрігерлердің бақылауында", - деді қаланың бас санитария дәрігері.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Бекшин Алматыда коронавирустың төртінші толқыны келгенін мәлімдеді.

Еске салайық, Алматыдағы коронавирустың үнді штамы туралы алғашқы хабар 23 маусымда айтылды. Сол кезде қалада COVID-19-дың дельта штамы анықталған болуы мүмкін екені хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная