Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бекшин жаңа қаулыға қол қойды Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжат қаладағы білім беру мекемелеріндегі карантиндік шараларға арналған. Осылайша, 2021-2022 оқу жылында тұрақты оқуға рұқсат берілген.

Педагогтер мен қызметкерлер 100 пайыз вакцина алуы керек (қарсы көрсетілімі бар адамдарды қоспағанда). Ұйымдарға Ashyq орнатылуы керек. Медициналық маска тағу міндетті саналады.

Жатақханаларға вакцина алған, сондай-ақ 18 жасқа толмаған және медициналық қарсы көрсетілімі бар студенттерді қабылдауға болады. Вакцинаның толық дозасын алмаған студенттер үшін вакцинация пункттері мен мобильді топтар ұйымдастырылуы керек.

Шетелдік студенттерге вакцинацияның толық курсы және мемлекеттік шекараны кесіп өткеннен кейін сынама нәтижесі теріс болған жағдайда (анықтама үш күнге жарамды) оқуға рұқсат беріледі.

Респираторлық инфекция белгілері бар адамдарды (жөтел, мұрыннан су ағу, температурасы 37 градустан жоғары) оқу орындарына кіргізбеу керек.

Құжатты толық мына жерден көруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети