15 маусым 2020 17:21

Бекшин Көк базардың жабылуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Роза Есенқұлова Фото: Роза Есенқұлова

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Көк базардың жабылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Көк базардың жабылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бекшиннің айтуынша, ол Көк базарға осыдан үш апта бұрын ескерту жасаған. Себебі онда карантиннің басты талаптары орындалмаған.

"Антисанитарлық жағдайда салаттар сатылған, сатушыларда санитарлық кітапшалар мен арнайы киімдер болмаған. Ескертулер жасалды, көбі айыппұл салынғанына наразылық білдірді. Мұның соңы немен аяқталды? 21 қызметкердің коронавирус жұқтырғанын естідіңіздер - базар әкімшілігінен. Олар жабық бөлмелерде жұмыс істеді және осылайша бір-біріне жұқтырды", - деді бас дәрігер.

Еске салайық, мұның алдында Алматыда Көк базардың жабылғаны хабарланған болатын. "Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Көк базар аумағындағы "Компания Достар-Коммерц" базары қызметкерлерінің арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғаларының тіркелуіне байланысты тиісті шаралар мен эпидемиологиялық зерттеу жүргізу үшін Көк базардың қызметі тоқтатылғаны туралы хабарлайды", - делінген еді хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети