13 маусым 2020 16:32

Алматыда Көк базар жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Роза Есенқұлова Фото: Роза Есенқұлова

Алматы қаласында коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Көк базар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы қаласында коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Көк базар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Көк базар аумағындағы "Компания Достар-Коммерц" базары қызметкерлерінің арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғаларының тіркелуіне байланысты тиісті шаралар мен эпидемиологиялық зерттеу жүргізу үшін Көк базардың қызметі тоқтатылғаны туралы хабарлайды", - делінген хабарламада.

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин кәсіпкерлік субъектілерінің карантин режимін сақтауын бақылау мақсатында құрамында Полиция департаментінің, ТҚСҚБД аудандық басқармаларының, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілдері бар әкімдіктің мониторингтік топтары жұмыс істейтінін атап өтті.

Осыған дейін мониторингтік топтардың тексеруі барысында Көк базар аумағында жұмысшылар мен сатушылар үшін байланыссыз термометрияның сақталмауы, әлеуметтік қашықтықтың сақталмауы және келушілер арасында қашықтық сақтау үшін арнайы белгілердің белгіленбеуі, жеке қорғаныс құралдарын тиіссіз қолдану және утилизациялау, тиісті жұмыс режимінің орындалмауы сынды тәртіпбұзушылықтар анықталды.

Анықталған тәртіпбұзушылықтарға байланысты ҚР ӘҚтК 425-бабының 2-тармағына сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, Медеу ауданының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылдың 13 маусымынан бастап "Компания Достар-Коммерц" қызметін сот шешімі шыққанға дейін тоқтату туралы қаулысы шықты. Қазіргі уақытта әкімшілік істің материалдары Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына беруге әзірленіп жатыр.

Базардың әкімшілігінен коронавирус инфекциясын жұқтырудың бірінші оқиғасын зерттеу барысында тағы 19 жағдай анықталды, ол да әкімшілік қатарынан шыққан. Осылайша, Көк базарда індетті жұқтырған қызметкерлері саны 20-ға жеткен. Сатушылар арасынан жұқтыру оқиғалары анықталмады. Қайтыс болған адамға қатысты (Базар әкімшілігінің ұйымдастыру бөлімінің қызметкері) оның өлімінің себептерін қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жанындағы өлім себептерін зерттейтін Комиссия анықтайтын болады.

"Көріп отырғандарыңыздай, сіздердің тараптарыңыздан қауіпсіздік шараларының қамтамасыез етілмеуі – бұл персонал мен келушілер термометриясы, әлеуметтік қашықтықтың сақталуын қамтамасыз ету, санитайзерлер мен дезинфекциялық құралдар қорының болуы – сіздердің ұйымдарыңыздағы қызметкерлер арасында аурудың тарауына және нысанның жұмысын тоқтатуға алып келді. Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік режим шараларын қатаң түрде сақтауларыңызды талап етемін. Маска тағу режимін сақтап, жеке қорғаныс құралдарын (маскалар, қолғаптар) ауыстырып тұру өте маңызды", - деді кәсіпкерлерге қарата айтқан сөзінде Бекшин.

Мониторингтік топтар жұмысын бастағалы бері қала бойынша барлығы 2 606 нысан тексеріліп, олардың ішінде 194-нен Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысындағы талаптар бұзылғаны анықталды. Соған байланысты 94 нысанның (олардың ішінде 80-і нысан басшылығының шешімімен) жұмысы тоқтатылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети