18 маусым 2020 16:48

Алматыдағы Көк базар бір айға жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев © Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Көк базар қызметкерлері арасында коронавирустың тарауына байланысты қандай шара қолданылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Көк базар қызметкерлері арасында коронавирустың тарауына байланысты қандай шара қолданылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жандарбек Бекшин алматылықтар өздері келіп жүгінетіндіктен және жаңа ошақтардың анықталуына байланысты өсім жоғары екенін айтады. 

"Мысал ретінде, екі аптаға жабылған "Рахат" фабрикасын алсақ болады. Келесі бір мысал - соттың шешімен бір айға жабылған Көк базар. Санитарлық-эпидемиологиялық нұсқауды және талаптарды орындамағаны үшін 1 миллион 727 мың теңге көлемінде айыппұл салынды", - деп түсіндірді Бекшин. 

Еске салайық, 13 маусымда Алматы қаласында коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Көк базар жабылған болатын. 

"Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Көк базар аумағындағы "Компания Достар-Коммерц" базары қызметкерлерінің арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғаларының тіркелуіне байланысты тиісті шаралар мен эпидемиологиялық зерттеу жүргізу үшін Көк базардың қызметі тоқтатылғаны туралы хабарлайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша жалпы 3217 адамнан COVID-19 анықталып, оның 2128-і аурудан айықты. Жалпы 15 адам қайтыс болды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети