Бекшин неге тойға бармайтынын айтып берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бекшин неге тойға бармайтынын айтып берді

Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігер Жандарбек Бекшин тойларға неге бармайтынын айтып, демалысын қалай өткізетінін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігер Жандарбек Бекшин тойларға неге бармайтынын айтып, демалысын қалай өткізетінін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтырудан қорықпайтынын айтты. Өйткені ол бұрын ауырып, екпе алған. Бас дәрігер соған қарамастан тойға бармайтынын, өйткені отбасына вирус жұқтырудан қорқатынын айтты.

"Егер көпшілік жиналатын іс-шаралар туралы айтатын болсақ, вирус жұқтырып жазылғаныма, вакцина алғаныма қарамастан онда бармауға шақырамын. Өйткені тасымалдаушы болуым мүмкін. Яғни вирустан ауырмасам да, оны басқаларға тасымалдауым мүмкін. Мысалы, отбасыма. Сондықтан бүгінде тойларға барудан бас тартамын", - деді Бекшин.

Бос уақытқа келер болсақ, Алматы қаласының бас дәрігері үстел теннисін, таза ауада серуендегенді ұнататынын айтты.

"Әрине, серуендеймін, сенбі мен жексенбіде таза ауада жүріп, үстел теннисімен айналысуға бір сағат уақыт бөлемін", - деді Жандарбек Бекшин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети