Бекшин: Вирус - күркеге қамап қоятын тауық емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бекшин: Вирус - күркеге қамап қоятын тауық емес

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты алматылықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты алматылықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, "вирус - күркеге кіргізетін тауық емес".

"Алматы тұрғындары ақылды болады деп сенеміз. Алматы - еліміздің мәдени орталығы. Ауру жұқтырғандар саны өсіп жатыр. Біздің пессимистік болжам бойынша, желтоқсанда ауру жұқтырғандар саны 2 200-ден асады. Біз Еуропада, Ұлыбританияда, Испанияда, Италиядағы осындай жағдай туралы айтып отырмыз: осы жерден біз вирустың құс емес екенін түсінуіміз керек. Мысалы тауықты алайық. Оны күркеге қамап, оқшаулау мүмкін емес. Ол вирус қой. Сондықтан біз алдын ала ескертіп отырмыз", - дейді ол.

Сонымен қатар, Бекшин алматылықтарға сақ болуға кеңес берді.

"Біздің жастарымыз, ата-аналарымыз бұл ескертуді назарға алады деп үміттенеміз. Ең қиыны жастарда вирустың симптомдары байқалмайды. Салдарынан олар вирусты ата-әжелеріне жұқтырады. Біреу біздің кеңесімізді тыңдамаса, онда олардың біреуі алдағы жаңа жылды ата-әжелерінсіз қарсы алуы мүмкін. Салдарынан олар кінәлі болып саналады. Себебі олар талапты бұзып, кеңеске құлақ асқан жоқ", - дейді Алматы қаласының бас санитар дәрігері.

Айта кетейік, осыған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирусқа байланысты жағдай әлі де күрделі екенін айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети