ПОДЕЛИТЬСЯ
02 шілде 2021 | 17:36
Бекшинге "дельта" штамына қарсы қандай вакцина тиімді деген сұрақ қойылды
Журналистермен өткен брифингте Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшинге "Дельта" штамына қарсы қандай вакцина тиімді?" деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Журналистермен өткен брифингте Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшинге "Дельта" штамына қарсы қандай вакцина тиімді?" деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Баспасөз мәслихатында тілшілер Жандарбек Бекшиннен былай сұрады: "Емханаларда неге "Спутник V"-дан басқа вакцина жоқ? Сонда адамдарда вакцина таңдау құқы жоқ па? Дельта штамына қарсы қай вакцина тиімді екені туралы ақпарат бар ма?".
Бұған жауап ретінде Бекшин бүгінде қалада вакцина жеткілікті екенін айтты.
"Біз егу пункттерін дүкенге айналдыру міндетін қоймаймыз. Бұл дүкенде сіз бір нәрсені таңдай аласыз. Үкімет вакцинаны тегін беріп отыр және мұнда негізгі вакцина "Спутник V". Таңертең бізде 44 мыңнан аса вакцина қалды. Кесте бойынша вакцина үнемі келіп тұрады, қорлар толықтырылады. Сондай-ақ, QazVac вакцинасының 2600-ден аса дозасы бар. Ал Hayat-Vax вакцинасы бір рет әкелінді. Сонымен қатар, бізде CoronaVac вакцинасы бар. Көптеген ел халқына вакцина бере алмай отыр, ал бізде бар", - деп жауап берді ол.
Бұған дейін Бекшин дельта штамына байланысты қалада коронавирустың төртінші толқыны басталғанын айтты. Сондай-ақ, бас санитаия дәрігері дельта штамы алғаш анықталған науқас вирусты қайдан жұқтырғанын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также