Бекшиннің орнына конкурс жарияланды: бір ғана үміткер анықталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бекшиннің орнына конкурс жарияланды: бір ғана үміткер анықталды Жандарбек Бекшин. Фото:gov.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті байқау жариялады. Ведомство алматылық департаментті басқаратын маман іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті байқау жариялады. Ведомство алматылық департаментті басқаратын маман іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл қаңтардың басында Жандарбек Бекшин Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қызметінен кетті. Ол зейнетке шықты. Осыдан кейін оның орнына үміткерлерді жұмысқа қабылдау конкурсы жарияланған.

Бос лауазымға орналасуға ниет білдіргендер ішінде бір ғана үміткер барлық талапқа сай екені айтылды. Ол - қазір Алматы қаласы Медеу аудандық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарып жүрген Қасымхан Алпысбайұлы.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәліметінше, кандидатпен әңгімелесу 27 қаңтарда ZOOM қосымшасы арқылы бейнебайланыс түрінде өтеді.

"Бүгін тек бір кандидатпен кездесу өтеді. Басқа адамдар құжат тапсырған жоқ. Егер тапсырса да, кадр қызметі біліктілік талаптарының сәйкестігін тексереді. Бірақ бүгін бір ғана үміткер әңгімелесуден өтеді", - деп түсіндірді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Еске салайық, Бекшиннің Алматы қаласы СЭКД басшысы қызметінен кететіні былтыр желтоқсанның аяғында белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети