Бекшиннің вакцинациядан кейінгі жағдайы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бекшиннің вакцинациядан кейінгі жағдайы белгілі болды Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын салдырды. Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровта та вакцина алды. Олардың екпеден кейінгі жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын салдырды. Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровта та вакцина алды. Олардың екпеден кейінгі жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жандарбек Бекшиннің жағдайын Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

"Жандарбек Бекшин денсаулығының жақсы екенін айтып, халықты екпе салдыруға шақырды. Ол вакцина салған күні сағат 22.00-ге дейін және сейсенбіде сол режимде жұмыс істеді. Вакцинациядан кейін шағым, күтпеген әсер байқалмады", - деді ведомствадағылар.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі Ержан Бабақұмаровтың да жағдайы жақсы екенін хабарлады.

"Ержан Бабақұмаров жұмыс орнында, денсаулығы қалыпты", - деп атап өтті әкімдіктегілер.

Айта ​кетейік, Жандарбек Бекшин мен Ержан Бабақұмаров 1 ақпанда екпе салдырды. Денсаулық сақтау вице-министрі, Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов та коронавирусқа қарсы вакцина салдырып, екпеден кейінгі жағдайын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети