Бектенов "Бәйтеректің" саясатын қысқа мерзімде қайта қарауды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бектенов "Бәйтеректің" саясатын қысқа мерзімде қайта қарауды тапсырды Фото:gov.kz

Олжас Бектенов отандық өндірушілерді қолдау бөлігінде "Бәйтеректің" саясатын қайта қарауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олжас Бектенов отандық өндірушілерді қолдау бөлігінде "Бәйтеректің" саясатын қайта қарауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті. Отырыста 2023 жылға арналған Инвестициялық саясат талаптарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынылды.

Есептерді тыңдаған Үкімет басшысы "Бәйтерек" сатыпалым ережелерін отандық тауарлардың үлесін түбегейлі арттыру жағына қарай қысқа мерзімде қайта қарау қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындар елішілік құндылықты үнемі арттырып отыруы керек.

"Біз "Бәйтерек" холдингі және басқа да даму институттары арқылы экономиканың белгілі бір кәсіпорындары мен салаларын қолдауға қомақты қаражат бөліп отырмыз. Сондықтан барлық іс-шара елішілік құндылықтың артуына ықпал етуі керек. Егер біз кәсіпкерге қолдау көрсетер болсақ, ол Қазақстанда қазір импорттап отырған тауарлардың өндірісін жолға қою, жұмыскерлердің еңбек өнімділігі мен жалақы деңгейін арттыру, қосалқы мердігерлер немесе жеткізушілер ретінде отандық кәсіпорындарды тарту сияқты қарсы міндеттемелерді де өзіне алуы тиіс", - деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр қазіргі уақытта Үкімет елішілік құндылықты арттыру және отандық өндірісті дамыту жөніндегі шаралар кешенін дайындап жатқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети