Бектенов министрлер мен әкімдерге: толық жауапты болуы тиіс

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: t.me/KZgovernment Фото: t.me/KZgovernment

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының биылғы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының биылғы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министрдің орынбасарлары, министрлер мен бірқатар ұйым басшылығы экономика салаларының өсуін қамтамасыз ету, инвесторлар үшін заңнамалық жағдайларды жетілдіру, сирек жер металдары өндірісін дамыту, ядролық кластер құру, жер қойнауын пайдалану саласын реформалау, жол және көлік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту, "Заң және Тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект енгізу, білім беру және медициналық қызметтер сапасын одан әрі арттыру жөніндегі жоспарлар туралы баяндады.

Премьер-министр алдағы кезеңдегі жұмыстың басты бағыты азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған экономиканың өсуін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Үкімет барлық бағыт бойынша жедел шешімдер қабылдап, Президент тапсырмаларының уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етеді.

"Біз инвестициялар тарту, салық-бюджет саясатын және жер қойнауын пайдалану саласын реформалау, еліміздің бәсекелестік артықшылықтарын күшейту, іскерлік ахуалды жақсарту, инженерлік инфрақұрылымдық және энергетикалық даму, цифрландырудың тұтас жүйесін құру және халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қайта қарау бағытында белсенді жұмыс атқаруға тиіспіз. Ол үшін Үкіметте өкілеттіктер жеткілікті. Министрлер мен әкімдер жауапты шешімдер қабылдап, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға толық жауапты болуы тиіс.

Мемлекет басшысы кеше айтқан әрбір бағыт бойынша нақты нәтиже және әрбір басшының жұмысының тиімділігі – орталықта да, жергілікті жерлерде де қажет. Инвесторлардың нақты мәселелерін шешумен айналысу керек, әуре-сарсаңға салмау керек, керісінше – кәсіпкерлердің келуіне, дамуына, зауыт, кәсіпорын, өндіріс салуына көмектесу керек. Әрбір басшы мұны өз жұмысының басты қағидаты деп білуі тиіс. Тек нақты жұмыс қажет.

Ескі, бюрократиялық жұмыс әдістерін, формализмді қолдана отырып, жаңа жағдайларда оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді сапалы орындауға көңіл бөлуді, басы артық қазағазбастылықсыз және көпке созбай батыл шаралар қабылдауды тапсырамын. Біздің бәрімізден нақты нәтиже күтіп отыр", - деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр бюджеттік тәртіпті қатаң нығайтуға және мемлекеттік бюджетті басым бағыттар бойынша теңгерімді бөлуге баса назар аудара отырып, жұмыстың бірінші кезектегі бірқатар бағытына назар аударды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.57  course up  522.2  course up  5.46  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro