Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Беларусь Қазақстанға контрабанда жасаушыны ұстап берді

26 Сәуір 2014, 12:23
0
Фото newregion.kz сайтынан алынды
Фото newregion.kz сайтынан алынды

Беларусь Қазақстанға автокөліктік контрабандашыны ұстап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстваның мәліметінше, Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының экономикалық контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын ұстап беру туралы сұрауын қанағаттандырды.

Ер адам қымбат бағалы автокөліктерді кедендік құнды төлеместен контрабандалағаны үшін айыпталады. Оның мемлекетке келтірген нұқсаны 23 миллионнан астам теңгені құраған. "Қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған айыпталушы бірнеше жыл мемлекетаралық іздеу салуда болған. Оны ағымдағы жылдың қаңтарында Брест қаласында беларусьтік құқық қорғау органдары ұстаған. Оны Қазақстанға ұстап беру туралы шешімге екі елдің бас қадағалау органдары арасындағы жолға қойылған ықпалдастығы арқасында қол жеткізілді", - делінген прокуратураның таратылған хабарламасында.

25 сәуір күні ер адамды Қазақстанға қарауылмен әкеліп, уақытша ұстау изоляторына қамаған. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай