Беларусь коронавирус үшін Жеңіс парадын кейінге қалдыра алмайды - Лукашенко

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Reuters Фото: Reuters

Беларусь президенті Александр Лукашенко коронавирус пандемиясы үшін 9 мамырда ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай өтетін әскери парадты кейінге қалдыра алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Белта" агенттігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Беларусь президенті Александр Лукашенко коронавирус пандемиясы үшін 9 мамырда ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай өтетін әскери парадты кейінге қалдыра алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Белта" агенттігіне сілтеме жасап.

"Біз парадты кейінге қалдыра алмаймыз. Мен ұзақ ойландым. Әрине, бұл - эмоция, идеология жағынан өте маңызды дүние. Біз оларды (ұлы Отан соғысына қатысушыларды – автор) ұмытпауымыз керек. Олар вирустан немесе басқа аурудан көз жұмған шығар. Олар біз үшін өмірін қиды. Ойлаңыздаршы, адамдар не дейді? Бірден айтпаса да біраз уақыттан соң "олар қорқып қалды деуі" мүмкін", - дейді мемлекет басшысы жиналыста.

Сондай-ақ президент шараға ешкімді күштеп әкелмеу қажетін ескертті.

"Адамдар қаламаса, қорықса, денсаулығын ойласа – біз оны түсінеміз. Барғысы келетіндер жеткілікті", - деді Александр Лукашенко.

Мемлекет басшысы ұлы Отан соғысының ардагерлері жыл сайын азайып бара жатқанын да атап өтті.

"Соғыс ардаргерлері аз. Олар бізді түсінеді. Біз оларды қорғауымыз керек. Олар осы шараға әкелуімізді сұрады ғой. Олардың жасы 90-нан асты. Не істейтінімізді тағы ойланамыз. Мен "қарияларды қорғауымыз керек" деген тактиканы ұстанамын. Біз бұл инфекция алдымен қарияларға жабысатынын көріп отырмыз. Бірақ жастар да ауырып жатыр. Сондықтан ауқымды шараға ешкімді әкелудің қажеті жоқ", - деді президент.

Айта кетейік, Беларуссияда коронавирус жұқтырғандардың саны 15 828-ге жетті. 3117 науқас жазылды, 97 адам қайтыс болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro