Беларусь ІІМ басшысы туриске көмектескен қазақстандық полицейлерді марапаттады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусь ІІМ басшысы туриске көмектескен қазақстандық полицейлерді марапаттады Фото:gov.kz

Қазақстанға Беларусь Ішкі істер министрі Иван Кубраков келіп, беларусьтік туриске көмектескен қазақстандық полицейлерді марапаттады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға Беларусь Ішкі істер министрі Иван Кубраков келіп, беларусьтік туриске көмектескен қазақстандық полицейлерді марапаттады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кубраков Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы патрульдік қызметінің қызметкерлері Мақсат Қадырбай мен Жанболат Тәжібаевқа қиын жағдайда қалған Беларусь азаматына көмектескендері үшін алғысын білдірді.

Наградаларды тапсыру барысында Иван Кубраков қызметіне адал офицерлердің ісін жоғары бағалайтынын атап өтті", - деді Тұрлыбек.

Айта кетейік, Қазақстанға министрлердің екіжақты кездесуіне Беларусь Ішкі істер министрлігінің делегациясы келді. Отырыста полиция бөлімшелерінің басшылары ішкі істер органдарының қылмысқа, оның ішінде ұйымдасқан нысандарына қарсы күресте бірлескен күш-жігерін одан әрі үйлестіру, сондай-ақ жедел-құқықтық ақпаратпен алмасу ниеттерін растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети