Беларусьте шенеуніктерді өлім жазасына кесу туралы Заң күшіне енді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Сенбі, 25 наурызда Беларусьте мемлекетке опасыздық жасаған шенеуніктер мен әскери қызметкерлерге өлім жазасын қолдану мүмкіндігін қарастыратын заң күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сенбі, 25 наурызда Беларусьте мемлекетке опасыздық жасаған шенеуніктер мен әскери қызметкерлерге өлім жазасын қолдану мүмкіндігін қарастыратын заң күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.

Заңда лауазымды тұлғаларды мемлекетке опасыздық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту көзделеді.

"Қылмыстық жауапкершілік туралы кодекстерге өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын министрлер кеңесі Беларусь Ұлттық жиналысының өкілдер палатасына 2022 жыл қазанның соңында енгізген. 2023 жылдың ақпанының соңында ол Парламентте екі оқылымнан өтіп, одан кейін Республика Кеңесі мақұлдады.

Беларусь президенті Александр Лукашенко құжатқа 9 наурызда қол қойды, ал заң 14 наурызда Беларусьтің Ұлттық құқықтық интернет-порталында жарияланды. Құжатта оның ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енетіні көрсетілген.

Заң мемлекеттік қызметтегі барлық адамдарға қатысты екені және осы заң аясында өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасын қолдану қарастырылатыны айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro