30 наурыз 2017 11:09

Белгілі актер, марқұм Шалқар Үркімбаевтың отбасы далада қалуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерте сөнген жарық жұлдыз, академиялық театрдың әртісі марқұм Шалқар Үркімбаевтың отбасы далада қалмақ. М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының басшысы марқұмның отбасын қызметтік жатақханадан қуып жатыр. Ал аядай ғана бөлмеде тұрып жатқан көп балалы ана кімнен араша сұратын білмей дал. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы хабарлады.


Ерте сөнген жарық жұлдыз, академиялық театрдың әртісі марқұм Шалқар Үркімбаевтың отбасы далада қалмақ. М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының басшысы марқұмның отбасын қызметтік жатақханадан қуып жатыр. Ал аядай ғана бөлмеде тұрып жатқан көп балалы ана кімнен араша сұратын білмей дал. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы хабарлады.

Талантты актер Шалқар Үркімбаев 29 жасында белігісіз жағдайда көз жұмған еді. Актердың 3-қабаттағы грим бөлмесінің балконынан секіріп кеткендігі, не біреудің қасақана итергені белгісіз. Шалқар көрерменнің сүйікті актері болған еді деп еске алады оның қасында болған әріптестері. Жас әртістің қайтыс болғанына бес жылдан бері уақыт өткенмен, оның артында қалған жанұясы театрға тиесілі жатақханада тұрып жатыр.

"2012 жылдан бастап жаңағы театрдың басшысы үй алғанша осы жатақханада тұра беріңдер деген. Қалай басшы ауысты, 2016 жылы, солай мені осы жатақхананы босат деп қудалап жатыр. Менің қазір төрт балам бар. Көп балалы анамын", - деді марқұмның әйелі Оксана Үркімбаева.

Театр басшысы жастай жесір қалған Оксананың аядай бөлмені босатуын талап етіп, сотқа берген. Осы айда екі сот отырысы өткен. Жалғызбасты ана сотта құқығымды қорғайтын адвокат жалдауға да жағдайым  болған жоқ дейді. Төрт баламен далада қаңғып жүргеннен қарағанда тар бөлмеде тұра тұрсам деген жас ананың арманы желге ұшқалы тұр.

"Панасыз қалып, баланы өзі қарап, асыраушысыз қалған оған өте қиын. Негізінде театр үйін беріп, содан кейін барып қана жаңағы бөлмені алуы керек. Егер оны босат десе үш баламен қайда барады? Театр оған міндетті. Өйткені жұмыс орныда жұбайы қайтыс болды", - деді ҚР еңбек сіңірген артісі Қанат Құдайбергенов.

Жалпы Жамбыл мен Байзақов көшелерінің қиылысындағы бұл жатақхана әу баста театрға тиесілі болғанмен, бөлмелердің көбі жекеленіп кеткен. Бірақ Үркімбаевтар отбасы болса кезінде үй кезегіне тұрып, пәтер аламыз деген үмітпен жекешелендіруге асықпаған. Ал Мұхтар Әуезов театрының директоры театрдың қазіргі әртістері де тұру керек дейді.

"Өзіміздің қызметкерлер, үйсіз-күйсіз жүрген жастар, отбасылары бар. Солар енді естиді ғой, біледі. Мен естідім, ол басқа күйеуге тиіп кеткен, одан бала тапқан деп. Сол кезде мен ойладым, ол енді Шалқардың отбасы емес", - деді М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләлов.

"Қоңыр дауысымен поезиялық туыныдыларды орындап, студент кезінің өзінде-ақ Шекспирдің "Ромео Джульеттасындағы" басты рөлде ойнаған актердің өмірі Роемоның тағдыр секілді қайғылы аяқталды. Ал оның артында қалған отбасы 13 шаршы метр тар үйде тағдырларын қалай болатынын күтіп отыр. Сот үкімі теардың пайдасына шешілсе, төрт балалы жас ана үш мың адамнан кейінгі  пәтер кезегі келгенше көшіп-қонып жүре тұрмақ", - дейді телеарна тілшілері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети