Астанада параға коммерциялық сатып алу күдігімен Forbes тізіміндегі белгілі бизнесмен Еркін Әмірханов қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада параға коммерциялық сатып алу күдігімен Forbes тізіміндегі белгілі бизнесмен Еркін Әмірханов қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Центрказэнергомонтаж" АҚ-тың сатып алу қызметі жөніндегі бұрынғы төрағасы Е.А.Әмірхановқа қатысты соталды тергеу бастады, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 253-бабының 6-бөлігінде қарастырылған құқықбұзушылық жасады деген күдікке ілінді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Бизнесмен 5 мамырда ұсталған. Келесі күні Астананың №2 Есіл аудандық соты оған қатысты екі ай мерзімге "қамауға алу" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған.
"Соталды тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігі бойынша істің өзге мәліметтері жария етілмейді", - дейді ҰҚК өкілдері.