Белгілі журналист Ержұман Смайыл қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі Facebook желісінде естіртті.
Белгілі журналист Ержұман Смайыл қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі Facebook желісінде естіртті.
"Егемен Қазақстан ұжымы бүгін ауыр қайғыға ұшырады. Ел газетін екі рет басқарған, "Егеменнің қара нары" атанған Ер-аға - Ержұман аға Смайыл бұ фәниден бақиға аттанғаны туралы суыт хабар естідік. Көңіл құрғыр сене алмайды. Жыл басында егемендіктер Ер-ағаның 70 деген мерейлі жасын арнайы атап өтіп еді. Бірер күн бұрын ғана бір дастарxан басында бас қосып, арқа-жарқа әңгімелесіп едік. Қаралы xабарды естіп, есеңгіреп қалдық. Марқұмның отбасына, балаларына, жақындарына көңіл айтамыз. Ағамыздың иманы жолдас болсын! Бақұл бол, аға!", - деп жазды Дархан Қыдырәлі.
Ержұман Өтешұлы Смайыл 1948 жылы 5 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі, БАҚ саласындағы Президент сыйлығының, Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты.
Еңбек жолын "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінің тілшісі болып бастаған. 1979-1987 жылдары - "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде редактордың орынбасары. 1987-2003 жылдары - "Егемен Қазақстан" газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, бас редакторының бірінші орынбасары, бас редакторы. 2003-2010 жылдары "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" ашық акционерлік қоғамының президенті, вице-президенті қызметін атқарған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.