Белгілі қазақстандық журналист Искандер Аманжол дүниеден озды. Бұл туралы оның достары мен әріптестері Facebook желісіндегі журналистің парақшасында бөлісті.
Белгілі қазақстандық журналист Искандер Аманжол дүниеден озды. Бұл туралы оның достары мен әріптестері Facebook желісіндегі журналистің парақшасында бөлісті.
Барлық әріптестер мен достары журналистің отбасына көңіл айтып жатыр. "Туыстары мен жақындары үшін қайғылы жағдай, біздің журналистика ойсырап қалды. Мұндай талантты әрі батыл саяхатшылар саусақпен санарлық. 62 жас... қайғы-қасіретке ортақтасып, көңіл айтамын", - деді Ілияс Сүлейменов Facebook желісінде.
Сонымен қатар, әлеуметтік желіде марқұмды жерлеуге 25 сәуірде сағат 11:00-де Алматы қаласының Бөгенбай батыр және Қармысов көшелерінің қиылысында шығарылатынын жеткізді.
Айта кетейік, Искандер Аманжол әлеуметтік желідегі соңғы жазбасын 19 сәуірде қалдырған екен. Қайтыс болуының себебі белгісіз.