Белгілі онколог Райымқұл Қарақұлов өмірден өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі онколог Райымқұл Қарақұлов өмірден өтті Фото: facebook.com/KazIORonco

Гематология және сүйек кемігін трансплантациялау орталығының профессоры, онколог Райымқұл Қарақұлов өмірден өтті. Бұл туралы онкология және радиология ҚазҒЗИ естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гематология және сүйек кемігін трансплантациялау орталығының профессоры, онколог Райымқұл Қарақұлов өмірден өтті. Бұл туралы онкология және радиология ҚазҒЗИ естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осы түні онкология және радиология ҚазҒЗИ гематология және сүйек кемігін трансплантациялау орталығының құрметті профессоры, тәлімгер, онколог-дәрігері Райымқұл (Роман) Қарақұлов өмірден өтті. (...) Бұл Қазақстанның барлық медициналық және онкологиялық қоғамдастығы үшін үлкен қайғы", - делінген Facebook-тегі жазбада.

Райымқұл Қарақұлов 1942 жылы 13 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін тәмамадаған.

Атырау қаласындағы облыстық балалар ауруханасында хирург (1967–68), Алматы мемлекеттік медицина институтында ассистент (1968–69), Байкал әскери округінде аға дәрігер (1969–71) болып жұмыс істеген.

1983 жылдан Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. 1985 жылы "Ісіктердің радиациялық реакциясы және оның жоғарылауының биологиялық факторлары" тақырыбында докторская диссертация қорғаған.

Райымқұл Қарақұлов 220-дан аса ғылыми жарияланым мен 3 монография авторы.

Ғылыми зерттеулердегі жетістіктері үшін "КСРО өнертапқышы" және "КСРО денсаулық сақтау үздігі" белгілерімен және "Еңбек ардагері" медалімен марапатталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети