Белгісіздер Ресейдің Псков облысындағы Невель қаласында Мәншүк Мәметованың ескерткішін қорлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Белгісіздер Ресейдің Псков облысындағы Невель қаласында Мәншүк Мәметованың ескерткішін қорлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеода ер адам ескерткішке шығып алып, суретке түскісі келеді. Ал оның достары оны суретке түсіріп тұрып, былапыт сөздер айтады. Бұл видео Қазнетте таралып, қолданушылардың ашуын туғызды.
Осы даулы видеоға қатысты ҚР-ның РФ-дағы елшілігінің баспасөз қызметінің өкілдері пікір білдірді.
"ҚР-ның Санкт-Петербургтегі Бас Консулдығы Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың Псков қаласындағы ескерткішін қорлағандарды тауып, жауапкершілікке тарту бойынша ресейлік құқық қорғау органдарына хабарласты", - деп хабарлады ҚР-ның Ресейдегі Елшілігінің баспасөз қызметіндегілер.
Елшіліктегілер РФ Қылмыстық кодексінде мұндай қылмыстарға қатысты заң барын және осы заңды бұзғандар жазаланатынын еске салды.
Невель қаласындағы Мәншүк Мәметова ескерткіші. © wikipedia.org
Айта кетейік, Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк Мәметова ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапқан. Ал 2010 жылы осы қалада қазақтың батыр қызына ескерткіш ашылған. Бұл қалада Мәншүк атында көшелер де бар.