Белсенді Руслан Жанпейісов қамаудан босатылды

28 Қыркүйек, 09:01
0
Белсенді Руслан Жанпейісов қамаудан босатылды - © instagram/ruslanzhanpeissov
© instagram/ruslanzhanpeissov

Танымал азаматтық белсенді Руслан Жанпейісовті Шымкенттегі уақытша ұстау изоляторынан босатты, - деп хабарлайды "Отырар".

"Руслан Жанпейісов абақтыдан босатылды. Прокуратура тергеушінің қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын тағайындауды қолдаудан бас тартты. Іс сотқа жетпеді. Яғни оны бір тәулік бойы заңсыз қамауда ұстаған. Оның кінәсіз екенін дәлелдейміз", - деді белсендінің адвокаты Закир Асадов телефонмен сөйлесу кезінде. 

Құқық қорғаушы бостандыққа шыға салысымен өзінің үйреншікті ісіне қайта кіріскен - жол қозғалысы ережесін бұзушылардың жолын кесу. 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 18 маусымда Шымкент тұрғыны полицияға келіп, дене жарақатын алғанын айтып, арыз берген. 

"Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") және 107-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру") бойынша бірыңғай тізілімге тіркелді", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, полиция қызметкерін балағаттау дерегі бойынша ("Билік өкiлiн қорлау") тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта ол Шымкент қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай