Бензинге қатысты жағдай: Қазақстан шекарадағы бақылауды күшейтеді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бензинге қатысты жағдай: Қазақстан шекарадағы бақылауды күшейтеді Фото:depositphotos.com

Үкіметте ЖЖМ нарығындағы жағдай бойынша кеңес өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкіметте ЖЖМ нарығындағы жағдай бойынша кеңес өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепехи, Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижановтың, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі өкілдерінің қатысуымен отандық ЖЖМ нарығындағы ағымдағы жағдай бойынша кеңес өткізді.

Күн тәртібінде ішкі нарықты жанар-жағармаймен тұрақты қамтамасыз ету және шекара маңы облыстарындағы мұнай өнімдерінің айналымына бақылауды күшейту мәселелері қаралды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, нарықтағы жағдай тұрақты, қажетті отын қоры жеткілікті.

Жиын соңында премьер-министрдің бірінші орынбасары жауапты мемлекеттік органдарға мұнай өнімдерінің заңсыз ағынына жол бермеу және мемлекеттік шекарада бақылауды, оның ішінде өңірлерде тауарлар қозғалысы мен отын шығынына мониторинг жүргізу арқылы бақылауды күшейту бойынша егжей-тегжейлі жоспар әзірлеуді тапсырды.

"Мемлекеттің басты міндеті ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету. Бағадағы алшақтық пен логистика тапшылықтың пайда болуына жағдай жасамауы керек", - деп атап өтті Роман Скляр.

Аталған мәселе Үкіметтің бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети