26 тамыз 2019 | 12:50

Бердібек Сапарбаев екі сиырмен қалай күн көруге болатынын айтты

© pixabay.com © pixabay.com

Вице-премьер Бердібек Сапарбаев екі сиырмен қалай ақша табуға болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Вице-премьер Бердібек Сапарбаев екі сиырмен қалай ақша табуға болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Саясаткердің сөзінше, ең алдымен малға дұрыс күтім жасау керек. 

"Бәріміз ауылдан шыққанбыз. Әрине 1-2 сиыр бағып өмір сүруге болады. Бірақ ол үшін жануардың жағдайын жасау керек. "Жем-шөп жоқ" деп шағымданады. "Жоқ-жоқ" дей берсе, ештеңе де болмайды. Ешкім жем-шөп әкеліп бермейді. 

Егер сиырды дұрыс қоректендірсе 7-8 литр сүт алуға болады. Мысалы, 2-3 литрін өзіңізге алсаңыз, қалған сүттен май, құрт не қаймақ алуға болады. Көбіміз ауылда өсіп, мал баққан елміз. Мәселе екі сиырда емес, мәселе еңбекқорлықта. 

30 дамыған елдің қатарына кіргіміз келеді. Ол үшін балаларды жас кезінен еңбекке баулу керек", - деді вице-премьер "Жанұя" отбасылық институтын қолдау орталығының ашылу салтанатында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети