Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының құрметті азаматы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының құрметті азаматы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі мәліметінше, бүгін өткен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы барысында депутаттар Бердібек Сапарбаевқа "Ақтөбе облысының құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім қабылдаған.
"Сессия барысында депутаттар мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевқа, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Серікбай Рзабаевқа, медицина профессоры Нағашыбай Ақатаевқа және облыс ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтовқа "Ақтөбе облысының құрметті азаматы" атағын беру туралы шешімді бекітті", - делінген әкімдік хабарламасында.
Айта кетейік, Бердібек Сапарбаев 2015-2019 жылдары Ақтөбе облысының әкімі болған.
Биыл қаңтарда Сапарбаев QazBioPharm ұлттық холдингінің тәуелсіз директоры болды. Ол өзінің Instagram-парақшасында жаңа жұмыс орны туралы хабарлады.
70 жастағы Бердібек Сапарбаев әр жылдары Президент әкімшілігінде, Үкіметте жұмыс істеген, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімі болған. Сондай-ақ, Кедендік бақылау агенттігін басқарды, қаржы вице министрі - Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы, премьер-министр кеңсесінің басшысы - Мәжілістегі Үкімет өкілі болып жұмыс істеді. Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.
Бердібек Сапарбаев екі рет премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!